Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
25.05.2018
999
700

2018 жылдың 25 мамыр күні Тараз қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2017-2018 оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шарасын өткізді. Шара «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10 жылдығы» мен «Астана қаласының 20 жылдығына» арналды.

Мерекелік жиын басында Астанадан арнайы келген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Төрайымы орынбасары Аюбаева Назипа Алтынбековна мен мектеп директоры Байназаров Талгат Бейсембекұлы жиналған қауымды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, айтулы жетістіктерге шолу жасады.

«Баршаңызды Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы атынан бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Соңғы жыл ішінде көптеген жұмыстар атқарылуда. Ерекше атап өтетін жайт, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бағдарламасы Германия және Ұлыбритания елдерінің аттестаттарымен тең деп танылды. Сонымен қатар, Корея және Гонконг университеттерінде білім алып жүрген түлектеріміз оқуда жоғары жетістіктерге қол жеткізуде. Гонконг университетінде 60 түлегіміз білім алуда.  Білімді оқушыларымыздың арқасында аталған университет рейтінгі 62 орыннан 37 орынға көтерілгенін мақтанышпен айтуға болады», – деді өз сөзінде Назипа Алтынбекқызы.

Сондай-ақ марапаттау рәсімі кезінде мектеп оқушылары «Үздік оқырман», «Үздік спортшы», «Үздік TEDx спикері», «Үздік REDx спикері» мен «Үздік шаңырақ» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды. Айта кететін жайт, «Үздік шаңырақ» номинация иегерлері дәстүрлі «Туған елге тағзым» экспедициясы бойынша Қостанай  қаласына жолдама алады.

Салтанатты шара барысында өнерлі оқушылардың орындауында «Попурри»: «Бір бала», «Аспан», «Titanium» әндері шырқалып, «Астанаға – 20 жыл» би композициясы қойылды. Домбырашылар атақты «Балбырауын» күйін орындап, қонақтарды ерекше әсерге бөледі. 2017-2018 оқу жылында үлкен жетістіктерге қол жеткізген оқушылар «Жұлдыздар шеруінде» жүріп өтіп, мектеп қауымының қошеметіне бөленді.

Бітіруші сыныптардың ата-аналары мектеп ұжымына арналған жылы лебіздері мен тілектерін үш тілде білдірді. Салтанатты жиын соңы дәстүрлі  түлектер вальсі мен жүздеген шарларды әуеге ұшыру рәсіміне ұласты.

Биылғы оқу жылында Тараз қаласындағы Зияткерлік мектепті 7-12-сыныптарда оқитын 697 оқушы аяқтайды, оның ішінде түлектер саны – 158. «Алтын белгіге» 5 оқушы және «Ерекше аттестатқа» 26 оқушы үміткер. Қазіргі таңда 13 түлек алыс-жақын шетелдік университеттердің оқу гранттарын иеленіп отыр.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку