Зияткерлік мектептердің жаңа жетістігі

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
29.05.2018
999
700

Зияткерлік мектептердің сертификаты тағы бір халықаралық мойындауға, яғни Германия Федеративтік Республикасының жоғары бағалауына ие болды.

ГФР Білім және мәдениет министрлер кеңесі неміс елінің жоғары оқу орындарына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектеріне арналған арнайы нұсқаулық жіберді.

Кеңес Зияткерлік мектептер түлектерінің сертификатын Германияның жоғары оқу орындарында тікелей білім алуға жарамды деп тапты. Бұл туралы ГФР-дың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэльдің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидиноваға  жолдаған ресми хатында жазылған.

Хатта неміс университеттері студенттерді қабылдау туралы шешім қабылдауда тәуелсіз екендігі түсіндірілген. Алайда, Білім және мәдениет министрлігінің жанындағы Тұрақты конференцияның Кеңесі нұсқаулық негізінде шетелдік мектеп сертификаттарын тану туралы өз университеттеріне ұсыныс жасауға құқылы.

Рольф Мафаэльдің хатына сәйкес NIS Grade 12 Certificate математика, техника, ғылым, медицина, қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, тіл салаларында, сондай-ақ спорт және өнер мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарында салалық оқытуға мүмкіндік береді. Бұл Зияткерлік мектептердің түлектері Германияның ЖОО-ларына Foundation курсын оқусыз, тікелей бірінші курсқа қабылданады деген сөз.

Нұсқаулық 2018 жылғы жазғы семестрден бастап күшіне енеді.

Неміс Кеңесінің шешімі Зияткерлік мектептердің халықаралық жетістіктерін растап, қазақстандық-германдық білім беру және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа сатыларға жол ашады.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку