Желілік блиц-турнир «Үздік мұқағалитанушыны» анықтады

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
05.02.2021
999
700

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын тойлау айлығы аясында Тараздық NIS-тің жатақхана ұжымы мен қазақ тілі және әдебиеті пәні ӘБ ел аумағындағы зияткерлер арасында «Үздік мұқағалитанушы» желілік  онлайн блиц-турнирін өткізді.

Ұйымдастырушылар оқушылар арасында ақынның шығармаларын насихаттап, олардың поэзияға деген құштарлығын арттырумен қатар, көшбасшылыққа баулуды мақсат етті.

Танымдық шараға еліміздегі Зияткерлік мектептерден 19 оқушы қатысып, ІV кезең бойынша берілген тапсырмаларды орындап бақ сынасты.

«Мұқағали туралы кім көп біледі?» деген атаумен өткен алғашқы айналымда қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты тест сұрақтарына жауап берсе, «Айтып  өткен  ақында  арман  бар  ма?»  кезеңінде Мұқағали өлеңдерінен үзінділер оқып, қай шығарма екенін анықтады.

Екі кезең қорытындысында үздік танылған 5 қатысушы «Әуенді тап» бөлімінде Мұқағалидың сөзіне жазылған әндерден жасырылған әуенді тыңдап, қай ән екенін жарыса тапты.

«Білгің келсе, алдымен зертте мені» ақтық сайысына қатыстырылған оқушылар үштігі мұқағалитанушылар мектебінің қалыптасуына үлес қосушылар туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, бәсекелестік қабілеттерін танытты.

Тартысты турнир нәтижесінде І орында – Қызылордалық зияткер Қарақат Тыныштықбай, ІІ орында – Қарағанды қаласындағы оқушысы Еркеназ Серікова, ІІІ орында – Талдықорғаннан қатысқан Марал Аскарова жеңіс тұғырынан көрінді.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку