Мерейтойлық спартакиада

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
23.10.2018
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 жылдық мерейтойына орай, қазанның 20-21 күндері мектеп базасында республикалық спартакиада ұйымдастырылды.  Спорттың 7 түрінен өткен сайыста аймақтардағы Назарбаев Зияткерлік мектептері қызметкерлерінен құралған 14 команда бақ сынасты.

Еңселі білім ордасының мерейтойына орай ұйымдастырылған бәсекеде, қатысушылар футзал, волейбол, арқан тартыс, жеңіл атлетика, шахмат, үстел теннисі және мылтық атудан жарысты.

Спартакиаданың ашылу салтанатында алғы сөзді Тараздағы Зияткерлік мектеп директоры Талғат Байназаров құттықтауымен бастап, додаға  қатысушыларға  сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде осындай спорттық жарыстар қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттырып, ұжымдық рухын көтеруде тигізер пайдасы мол екендігін айтты.

Шараның салтанатты ашылуына арнайы әзірленген концерттік бағдарлама республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған спортшыларды шабыттандырып,  жақсы көңіл-күй сыйлады.

Екі күнге созылған спорттық ойындарда жалпы есепте үшінші орынды Көкшетаулық Зияткерлік мектеп командасы жеңіп алса,  екінші жүлделі орынды  Ақтөбе құрама командасы иеленді. Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы барлық қатысушылар арасынан топ жарып, бірінші орынды еншіледі.

«Ұйымдастырылып отырған жарыс мектеп қызметкерлерінің бірлігін арттырып, сонымен қатар ұжымда салауатты өмір салты мен корпоративтік қарым-қатынасты қалыптастыруға септігін тигізеді», – деді жарыстың бас төрешісі, Тараз қаласы Зияткерлік мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Төленді Ағаділов.

Жеңіс тұғырына көтерілген спортшыларға Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының арнайы кубогы, медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку