Халықаралық тәжірибені жүзеге асыру

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
15.11.2017
999
700

Тараз қаласы физика-математика бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдер HertsCam – кәсіби қоғамдастығының еріктілері. Қауымдастық 20 жыл бұрын Ұлыбританияда құрылған. Қоғамдастықтың бағдарламасы мұғалімдердің оқытудағы көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталған және 17 елдің 1000-нан астам мектептерінде жүзеге асырылуда.

Бағдарлама фасилитаторы Венера Мусарованың басшылығымен мектеп мұғалімдері идеялар анықтау, деректер жинау, жоспар құру, іс-әрекеттерді ұйымдастыру, 6 семинар, 2 мектепаралық кездесулер, консультациялар өткізу және процесті қорытынды бағалау арқылы зерттеу жүргізді. Бағдарламаға қатысушылар кәсіби мәселелерді анықтау және 2016 жылдың қазан айынан 2017 жылдың мамыр  айы аралығында даму жобасына басшылық ету мүмкіндігіне ие болды. 2017 жылдың 13 мамырында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Мұғалімнің халықаралық көшбасшылығы” конференциясы өтті. Конференция барысында мұғалімдер өз жобаларының нәтижелерімен бөлісті. Конференция қонақтары ретінде Ұлыбританиядағы HertsCam қоғамдастық өкілдері Лиза Тимпсон, Эмма Андерсон, Энтони Смит және Шилла Болл келді. Өз жобаларын сәтті аяқтаған мұғалімдерге HertsCam қоғамдастығының сертификаттары табысталды.

Айта кету керек, ерікті мұғалімдердің жұмысы – бағдарламаны әлем бойынша тікелей таратумен айналысатын HertsCam команда өкілдерінің жақсы пікірлеріне ие болды. 2017 жылғы қазан айында мектептің ерікті мұғалімдері атынан Бижигитова Эльзира HertsCam қоғамдастық жұмысымен толық танысу және оны одан әрі жергілікті тарату мақсатында Кембриджге барды.

Тағылымдама барысында жоба басшылары атқарылған жұмыстардың нәтижелері, одан әрі дамуы және келешекке арналған жоспарларымен бөлісті. Э. Бижигитованың айтуынша, оның алдағы жоспарларына бағдарламаны дамыту және жергілікті мектептерге тарату кіреді.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку