Ауқымды акцияға Тараздағы Зияткерлік мектеп те атсалысты

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
18.09.2019
999
700

«Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!» әлеуметтік жобасына Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі де қосылды. Мұғалімдер күні қарсаңында мектеп оқушылары cүйікті ұстаздарына «Бiлiмдi ел – Образованная страна» газетіне жазылым түрінде ерекше сыйлық жасады. Он бірінші сынып оқушысы Айым Жүрсінәлі өзінің орыс тілі мұғалімі Жамал Өмірбаеваның атына жазылым жасады.

– Осындай тамаша сыйлықты күтпеген жерден алдым! Ерекше сыйлығы  үшін Айымға рахметімді айтамын. Мен үшін газет пен кітап кез келген букет гүлден артық. Енді мен білім саласындағы соңғы жаңалықтардан хабардар болып отырамын!, – дейді Жамал Қанарқызы.

12 сынып оқушылары Ақұлпа Тұрлыбай, Алма Қанатқызы және Әлихан Қосыбай жазылымды өздерінің бастауыш сынып мұғаліміне сыйлады.

– Біз Эльмира Рахманқызына өте ризамыз. Ол бізді санауға және жазуға, қаламды дұрыс ұстауға үйреткен алғашқы мұғалім. Бастауыш сыныпта берген білімі мен дағдылары бізге алдағы мектеп өмірінде көмектесті.  2014 жылы біздің сыныптан Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне бірден 18 оқушы түсті. Барлығы Эльмира Рахманқызының еңбегінің арқасында, – деп атап өтті оқушылар.

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің шаруашылық меңгерушісі Жандос Исахаев раушан гүлі мен газетке жазылым қағазын алып өзінің математика пәні мұғалімін құттықтап қайтты. Ғалия Нұртаева Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектепте бесінші сыныптан бастап математикадан сабақ берген.

– Біз Ғалия апайдың сабақтарына үнемі қуана қатысатынбыз. Сабақта түрлі әдістер пайдаланып бізді барынша қызықтыруға тырысатын. Ол кісінің қызықты мысалдары мен кеңестері әлі күнге дейін есімде. Ол шынайы педагог! – дейді Жандос Ошақбайұлы.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку