1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқушылар «Ана үйіне» барып қайтты

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
31.05.2018
999
700

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің аймақтарында «Нұр Отан» – балаларға» және «Family day» Республикалық акцияларын өткізу жоспарланған. Аталған акцияларды қолдау мақсатында, 31 мамыр күні Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары мен педагогтары «Ана үйі» қоғамдық қорына арнайы барып қайтты. Онда түрлі әлеуметтік себептермен панасыз қалған 20-дан астам жүкті және балалы әйел тұрады. Қазір еліміздің 19 қаласында осындай 25 үй бар. Жыл сайын меценаттар оларды баспана, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қаржы бөліп тұрады. «Ана үйі» қоғамдық қорын 2013 жылы белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев құрған.

Іс-шара кезінде Тараздағы Зияткерлік мектеп оқушылары мен педагогтары ұйымдастырған концерттік бағдарлама қойылып, сонымен қатар 10 дана бөлме гүлі мен себет толы азық-түлік жеткізілді. Акцияға «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Асқарбеков Арын Ильясұлы да қатысып, жақын арада «Ана үйіне» қажетті балалар қоларбасы мен үстелдер сыйға тартылатынын айтты.

«Бізде аналар сәбиі бір жарым жасқа толғанға дейін ғана көмекпен қамтамасыз етіледі. Олардың  орталықтан шыққаннан кейінгі тағдыры бізді қатты алаңдатады. Кейде барар жер таппағандары бізге оралып жатады, амалсыз қайта қабылдаймыз», – дейді Тараз қаласындағы «Ана үйі» үйлестірушілері Айтенова Нағима Термезбекқызы мен Ажибекова Айнұр Темірханқызы.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку