ТАРАЗДЫҢ АШЫЛМАҒАН СЫРЫ КӨП…

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
25.06.2019
999
700

Ақтөбе және Көкшетау қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары «Туған елге тағзым» патриоттық жобасы аясында Тараз жеріне келді. Апталық өлкетану-экспедициясы кезінде оқушылар аймақтың табиғи-климаттық, тарихи-мәдени, ғылыми-оқыту және индустриялды ерекшеліктерімен танысып, зерттеу жүргізді.

– Екі мың жылдық тарихы бар Тараз қаласына келіп рухани жаңғырдық десек болады. Жоба жұмысымды да дәл солай атадым. Қаланың тарихымен, нысандарымен танысып, білім көкжиегімді кеңейттім, рухани, мәдени азық алдым. Тараздың әлі де ашылмаған сыры көп, – дейді Ақтөбелік Зияткерлік мектеп оқушысы Ислам Сейтжанов.

Экспедицияның алғашқы күнінен-ақ жас туристерді тарихи Тараз жайлы қызықты деректер мен нысандар күтіп тұрды.  Жамбыл облыстық мұрағаты, тарихи-өлкетану музейі мен республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш – «КөнеТараз» археологиялық паркі оқушыларға мазмұнды тарихи мағлұматтар беріп, қала тарихынан сыр шертті.

Оқушылар әсемдігімен тіпті шет елдік сәулетшілерді таңдандырған Қарахан, Даутбек кесенелері, ортағасырлық Қали Жүніс моншасы мен Тектұрмас, Мамбет батыр кесенелерін аралады. Ерте дәуірде Орта Азияны өзге елдермен байланыстырған Төрткүл керуен сарайында болып, қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлерді зерттеді.

Айша бибі мен оның күтушісі Бабаджа-Хатун кесенесі қонақтарды ерекше сәулетімен ғана емес, әдемі аңызымен де еліктірсе, «Қазақ хандығына 550 жыл» монументі оқушыларды тарихқа тағы үңілтті. Сондай-ақ, экспедициялық топ аңыз бен ақиқат үйлесім тапқан Ақыртас кешені, Төменгі Барсхан және Ұзынбұлақ қоныстарына аялдады.

– Ақыртас кешенінің Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне енгені жайлы білдік. Бізді сарай кешенінде туризмді дамыту жайы қызықтырды. Себебі нысан өзінің тарихи маңыздылығы жағынан тіпті Египет пирамидаларынан кем түспесі анық, – дейді жас ғалымдар.

Қара-Арша шатқалы оқушыларды өзінің бай өсімдіктер әлемімен таңқалдырса, Сұғаты шатқалының сұлу пейзажы мен жануарлар дүниесінің сан алуандығы қонақтарға қайталанбас әсер сыйлады. Ары қарай саяхатшыларымыз Қайыңды тарихымен танысып, оның флорасы мен фаунасын зерттеу нысанына айналдырды.

Сондай-ақ облыстың ірі кәсіпорындары саналатын Тараз локомотив жөндеу депосы, «Қазфосфат» ЖШС және «Әйнек» зауытында болып қайтты. Жуалыдағы қуаты 50 МВт-ты құрайтын күн электр станциясы «Burnoye Solar-1», ірімшік зауыты мен кілем цехына да соқты.

Оқушылар дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлы мұражайында да болып, батырдың өмірімен толық танысып қайтты.

– Бауыржан Момышұлының биографиясы мені қатты қызықтырды. Оның ержүрек жауынгерлігімен қатар, жазушылық қасиеті де керемет болған. Болашақ ұрпаққа қалдырған өсиет сөздері де әсерлі. Сондықтан мен зерттеу тақырыбымды «Бауыржан Момышұлының ғибратты сөздері» деп атадым, – деп өз жоспарымен бөлісті Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Алина Малахова.

Қала қонақтары сонымен қатар VI-X ғғ. Әулие бастау тарихи ескерткішіне соғып, оның жанындағы бұлақтан сусындады. Аса маңызды минералдар мен микроэлементтерге бай бұлақтың химиялық құрамын зерттеу үшін өздерімен бірге оның үлгісін алды. Сондай-ақ, Көксай шатқалына барып, бағалы сәндік және дәрілік өсімдіктердің тектік қорымен танысты. Қаратаудағы мемлекеттік табиғи қорықша – Берікқара шатқалында да болып қайтты. Жолай «Тау самалы» оқу сауықтыру орталығына аялдап, кешеннің негізгі фунциялары мен міндеттерімен танысты.

Жоба бағдарламасы мәдени саяхаттан бөлек мазмұнды кездесулер мен қызықты шараларға толы болды. Оқушылар  «Көне Тараз» күйінің авторы, композитор Аман Малдыбаевпен, Стивен Хокингтің «ізбасары», жас ғалым Исаак Мустопуломен және жас ақын Марал Хантөремен кездесті. Исаак Мустопуло оқушыларға өзінің әйгілі астрофизик Стивен Хоккингпен кездескені жайлы, кездесуден кейінгі өмірінде орын алған өзгерістері туралы айтып берді.

– Исаактың ғылымға деген махаббаты мені қатты шабыттандырды. Онымен кездескеннен соң менің тіпті астрофизика салсына қызығушылығым оянды. Бойында біраз жасқа үлгі болар мақсат қою, арманға қол жеткізу, еңбекқорлық пен талпыныс сияқты қасиеттері жетерлік, – дейді Көкшетаулық Алина Малахова.

«Рухани қазына» деп аталған шара барысында «Қамшы ілу», «Шашу», «Тоқым қағу», «Бастаңғы» сияқты қазақтың ұлттық дәстүрлері туралы айтылып, құрт, жент жасау технологиясы мен қол диірменменінің жұмысы таныстырылды.

 

Экспедицияның соңғы күнінде оқушылар Жамбыл облысы туралы білген-түйгендерін «IQ Game» зияткерлік ойынында қорытындылады. Сондай-ақ, «Бір шаңырақ астында» атауымен экспедиция жұмысының салтанатты жабылуы өтті.

– Жетікүндік экспедиция нәтижесінде мен «Тараз қаласының архитектуралық ерекшеліктері» деген зерттеу жобасына тоқталдым. Зерттеуде мен бір ғана кесенемен немесе ғимаратпен шектеліп қалмаймын. Жоба негізіне бірнеше тарихи нысандарды алуды жоспарлап отырмын. Себебі Тараздың ашылмаған сыры көп кешендері жетеді. Солардың бірі аңызға толы Ақыртас, – деді Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Гүлназ Сармолдина.

«Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы Назарбаев Зияткерлік мектептер жүйесінде 2012 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Оқу-ағарту сапарының ерекшелігі – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің өзара маршрут алмасу арқылы Қазақстан аймақтарымен танысып, зерттеу жүргізуі. Жобаға оқу жылы нәтижесінде олимпиадалар мен ғылыми сайыстардан жүлделі орын алған, спорттан, шығармашылықтан жетістіктерге жеткен үздік оқушылар қатысады.

 

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку