Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні аталып өтті.

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
14.04.2017
999
700

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні әр жыл сайын 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен құрылған күннен бастап, яғни 7-сәуірде атап өтіледі. Мерекенің атап өтілу себебі-денсаулықтың қаншалықты маңызды екенін адамзаттардың түсіне білуіне септігін тигізу. Сонымен қатар, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынас, пікір алмасу, жүйке жүйесін тынықтырып сергіту, негативті энергияны шығару және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Осы күнге орай бірнеше спорттық іс-шаралар өткізілді, олардың ішінде: мектеп ұжымы мен 11 сынып оқушылары үшін 500 метрлік дала жарысы, әдістемелік бірлестіктер арасында арқан тартыс сайсы және оқушылар үшін эстафета ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні шеңберінде мектеп қызметкерлері арасындағы үстел теннисі жарысы өткізілді.

Жарыс қортындысы бойынша:1 орынды Сулейманов Равиль, 2 орынды Джуманазаров Талғат,  3 орынды Унербеков Даурен иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку