Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ашық есік күні

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
09.01.2018
999
700

8 қаңтарда Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ашық есік күні өтті. Аталған іс-шараға Тараз қаласы және Жамбыл облысындағы жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушылары шақырылды.

Қонақтарды мектептің мұғалімдері қарсы алып, әр оқу кабинеттерінде ұйымдастырылған пәндік станциялармен таныстырды. Алтыншы сынып оқушылары әрбір станцияда практикалық жұмыстар мен ғылыми эксперименттер орындауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, оқушылар робототехника кабинеттеріндегі роботтармен, кітапхана жұмысымен танысты. Кітапханада олар оқушыларға арналған кітаптар желісі бойынша қызықты ойындар ойнады. Педагог-психологтар оларға релаксация уақытын ұйымдастырса, дене шынықтыру мұғалімдері шыңға өрмелеу бойынша шеберлік сағаттарын өткізді.

«Біз Меркі ауданының №48 орта мектебінен келдік. Мектепті көруге өз оқушыларыммен келдім. Барлығы да жоғары деңгейде өтті. Менің шәкірттерім өте риза болып отыр. Осында оқуға түсуге барлығының да ынтасы артты. Меркіге келсісімен міндетті түрді алған әсерлерімізбен бөлісеміз», – дейді аталған мектептің мұғалімі.

Бұдан бөлек, қонақтардың мектеп бойынша экскурсия жасауға және қызықтырған сұрақтарына жауап алуға уақыттары жеткілікті болды.

«Бүгін мен көп нәрсені үйрендім, түрлі сабақтар, ойындар болды, логикалық сұрақтарға жауап бердім. Барлығы өте қызықты өтті. Осында түсу үшін 3-4 наурыз күндері өтетін емтиханға қатысуды жоспарлап отырмын»,- дейді, Меркі ауданы №48 орта мектептің 6-сынып оқушысы.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку