Тәрбие жұмысы бойынша тәжірибе тарату семинары өтті

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
03.11.2018
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі тәрбие жұмысының іс-тәжірибесін тарату бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды. Шара 2018 жылдың 2-ші қарашасында өтіп, қалалық және аудандық мектеп директорларының 110-ға жуық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын бір ортаға жинады.

Ондағы мақсат семинар қатысушыларына Қазақстандық патриотизм мен «Мәңгілік ел» құндылықтарын жүзеге асырудағы жаңа техника мен оқу-жаттығуларының ақпараттық кеңістігін құру, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жүйесін интербелсенді шеберлік сыныбы үлгісінде таныстыра отырып, қарым-қатынастық құзіреттіліктің артуына қолайлы жағдай жасау.

«Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері» деп аталған семинарда қатысушылардың өзара тығыз байланыста тәжірибе алмасуына қолайлы жағдай жасалып, тәжірибені жүзеге асырудың оңтайлы жолдары талқыланды.

Жиынның салтанатты ашылуында сөйлеген Тараздық Зияткерлік мектеп директоры Талғат Байназаров: «Тәрбие – білім берудің ажырамас құрамдас бөлігі. Ол белгілі бір құндылықтарға негізделгенде ғана нәтижелі болмақ. Осы орайда біз жергілікті әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынас пен ынтымақтастықта жұмыс атқаруға әрдайым дайынбыз».

Мектептің педагог-психологтарымен ұйымдастырылған сергіту жаттығулары, командалық рухты насихаттаушы «Команданың бірігуі» тренинг жаттығулары әріптестер арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды.

Тараздағы Зияткерлік мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айша Жолдасбекова жалпы білім беру мектептерінде тәрбие жұмысын «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы контекстінде ұйымдастыру тәжірибесі туралы баяндама оқып, қатысушылар назарына түрлі әлеуметтік жобалар мен бағдарламалар ұсынды.

«Даналық бейсенбі» жобасы туралы, «Үйірме жұмысын ұйымдастыру» негіздері туралы мектептің педагог-ұйымдастырушы кураторлары мен жатақхана тәрбиешілерінің басшылығымен шеберлік сыныптары өткізілді.

Сонымен қатар, тыңдаушылар «Шаңырақ» мектеп қауымдастығын құру бойынша семинар-практикумға қатысып,  «Мен және Біз» – команда құрудың маңызы» тақырыбында оқушылардың қатысуымен өткен шаңырақ сағатын тамашалады.

Семинар соңында қатысушылар ақпараттың пайдалылығы мен тәжірибелік тұстары туралы, сондай-ақ осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылу қажеттігін атап өтті.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку