ТҮЛЕКТЕР АЛТЫН ҰЯМЕН ҚОШТАСТЫ

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
25.05.2022
999
700
Бүгін Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2021-2022 оқу жылының аяқталуына орай «Соңғы қоңырау» салтанаты өтті. 88 түлек алтын ұя мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алды.
Мерекелік жиында мектеп директоры Қаракөз Абдрахманова мен қамқоршылар кеңесінің төрайымы Айман Каримова жиналған қауымды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мектеп бітірушілерге сәт сапар тіледі. «NIS Alumni» түлектер ассоциациясының менеджері, 2019 жылдың Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Аида Искакова түлектерді ұйымға белсенді қатысуға шақырды.
Оқу жылы жетістіктерге, жеңістерге толы болды. Оқушылар халықаралық, республикалық, облыстық түрлі байқаулардында топ жарды. Мектеп түлектері халықаралық IELTS емтиханынан жоғары ұпай жинап, алғашқы оқу гранттарына қол жеткізіп, алыс-жақын шетелдік университеттердің оқу гранттарын иеленіп отыр. Жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушылар «Жұлдыздар шеруінде» жүріп өтіп, мектеп қауымының қошеметіне бөленді.
Жыл қорытындысы бойынша үздік оқушылар мен педагогтар, сонымен қатар мектептің «Үздік шаңырағы» марапатталды. Биыл «Үздік шаңырақ» атауына «Азат» пен «Жалын» лайық деп танылса, Камилла Машанло «Үздік оқушы», Асем Сейткадырова «Үздік оқырман», Бижан Кадырманов «Үздік спикер TEDх» атанды.
Айта кетейік, «Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» атты биылғы «Соңғы қоңырау» балалар жылына арналды.
🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку