Робототехника бойынша іріктеу жарысы ұйымдастырылды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
29.04.2018
999
700

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында 2018 жылдың 28 мамырында мектеп оқушылары арасында робототехника бойынша іріктеу жарысы ұйымдастырылды. Қатысушыларды іріктеу WRO-2018 (World Robot Olympiad) ережелері аясында өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, жарысқа қатысуға 40 команда өтініш білдірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп.

– Жарыс бағдарламасы біршама күрделене түскен. Әрбір кезеңге өткен сайын тапсырмалар қиындай береді. Қатысушылардың барлығы да жақсы дайындықпен келген. Осындай жарыстар біз үшін тәжірибе және қызықты идея алмасуға жақсы мүмкіндік болып табылады, – дейді қатысушылардың бірі, Илья Простаков.

Жарыс қорытындысы бойынша Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Білім-инновация» лицейі және  «Дарын» мектеп-интернатының командалары жоғары нәтижелерімен ерекшеленді.

Жүлделі бірінші орындарды иеленген командалар 2018 жылғы 23-24 күндері Астанадағы EXPO Конгресс орталығында өтетін Республикалық чемпионатқа жолдама алды.

 

 

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку