NIS көшбасшыларының форумы өтті

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
09.12.2020
999
700
Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларының көшбасшылар форумы мәресіне жетті. Форум «Проактивті ойлау VS реактивті ойлау» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.
Жиынға қатысқан Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өзін-өзі басқару ұйымы президенті Темірлан Сейсенбай Форум туралы өз әсерімен бөлісті:
 – Диалогтік алаң кезінде біз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездестік. Күләш Ноғатайқызымен тікелей эфирде әңгімелесіп, көкейде жүрген сұрақтарымызды қойдық. Мен ол кісіден  жақсы педагог болуына қандай негізгі факторлар әсер еткені туралы сұрадым және өзім де педагогтар династиясынан екенімді айта кеттім, – деді жас көшбасшы Темірлан.
Зияткерлік мектептердің президенттері мен вице-президенттері үш тілдегі «Brain boi» зияткерлік ойынында NIS жүйесінде іске асырылып жатқан әлеуметтік және тәрбиелік жобалар туралы сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, Форум аясында оқушылар «WikiBilim» қоғамдық қоры мен «Bilim Media Group» компаниясының негізін қалаушы және басшысы Рауан Кенжеханұлымен, «Болашақ» бағдарламасының 2010 жылғы түлегі Далел Джузбаевпен кездесті. Кездесулер соңы  «Проактивті ойлау VS реактивті ойлау» тақырыбындағы көшбасшылық пікірсайыстарға ұласты.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку