«Білім – асыл қазыналы сандық, оны ашатын кілті – еңбек», – дейді халық. Әрбір тәрбиеленушіні біліммен қатар еңбекке баулу – бүгінгі күнгі басты міндет.
«Шебер қолдар» үйірмесінің негізгі бағыты: оқушыларға қолөнер бұйымдарын жасауды үйрету, әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады. Үйірме жұмысында дидактикалық материалдар, суреттер, кітапшалар, слайдтар, бейне таспалар қолданылады. Үйірмеде тәрбиеленушілер фетрдан үйге қажетті түрлі бұйымдар, кәдесыйлар, ойыншықтар мен сәнді сөмкелер тігуді үйренеді.
Қатысушылар:
«Шебер қолдар» үйірмесіне түрлі ою-өрнектерді қию, тігін тігу техникасына қызығушылық танытатын, қабілеті бар 7-11 сынып оқушылары қатысады. Тәрбиеленушілер қолөнерге икемділіктерін үйірме жұмыстарымен айналыса отырып, толық меңгеруге, мақсатқа жету үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданады: дизайнын айқындау, пішу, тігін машинасымен жұмыс істеу, ою-өрнек қию, түрлі моншақтарды желімді пайдалана отырып, ыстық үтікпен жабыстыру.
Бағдарламаның мақсаты: тәрбиеленушілерге фетрден түрлі бұйымдар жасау технологиясын меңгерту, қолөнердің бастапқы түсініктері мен дағдыларын қалыптастыру және еңбекқорлыққа, іскерлікке баулу.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.