“Сақтар” шаңырағы

Атауы: Сақтар

Ұраны: 

Сақтар алға,

Биіктерге самға.

Достығымыз барда,

Жүреміз тек алда!

 

Кураторы: Турмахамбетова Нагима Асылбековна

Оқушылар саны: 41

Сыныптар: 12 В, 8 D

Ұлттық құрамы: 41 қазақ

Жетістіктері: Шаңырақ оқушылары мектепке келген күннен-ақ тез бейімделіп, ынтымақтасқан ортада, бірлікте жұмыс жасап келуде. Мектепішілік және сыныптан тыс  түрлі іс-шараларға белсенді қатысып, мектеп өміріне өз үлестерін қосуда. Әр оқушы өзін жеке тұлға ретінде қабылдап, басқалардың ой-пікірлері мен көзқарастарына түсіністікпен қарап, ақылдаса отырып,  жұмыс жасайды. Сонымен қатар, оқушылар қазіргі заман талабына сай білім алып қана қоймай, мектеп қабырғасындағы түрлі үйірмелерге қатысып, өз қабілеттерін жан-жақты дамытуда. Оқушылар онлайн олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып жүлделі орындарды иеленуде. Атап айтар болсақ, Темірбеков Досжан математика пәнінен желілік ғылыми жобаға қатысып, 3 орын иеленіп, Республикалық жоба байқауына дайындық үстінде. Сейлхан Шыңғыс волейболдан «Үздік шабуылшы», қала, облыс жеңімпазы. Айдарбекова Жанира, Нұрланқызы Бибигуль «KIO», Алмасбекова Самал, Сералы Мөлдір «Физтех» олимпиадаларының жүлделі орын иегерлері, Умурзак Нурали Республикалық  каратэ спорт байқауының 1 орын иегері, спорт шебері.

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку