Пилоттық мектеп мұғалімдеріне арналған cеминар

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
25.11.2018
999
700

2018 жылғы 24 қараша күні Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Тараз қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірлесіп пилоттық мектептердің 44 педагогына арнап семинар өткізді.

Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылындағы №1 мектеп-лицей және Тараз қаласының А. Пушкин атындағы № 41 көпсалалы гимназия мұғалімдері зияткерлік мектептің педагог-психологтары өткізген “Уақытты тиімді басқару үшін өзін-өзі реттеу және өзін-өзі жетілдіру” практикумына қатысты.

Мектептің педагог-кітапханашылары По Бронсон және Эшли Меррименнің “Тәрбиелік шок” кітабы бойынша оқу сағатын ұйымдастырып, қатысушыларменм бірге балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптерін талқылап, кітап мазмұны бойынша балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің негізгі идеяларын талдады.

Пилоттық мектеп мұғалімдері үшін Тараз қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының жаттықтырушылары “Когнитивтік дағдыларды дамытудың практикалық тәсілдері”, “Бастауыш мектеп сабақтарында ойлау мәдениетін қалай қалыптастыруға болады” атты семинарларын өткізді.

Семинар соңында Тараз қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының қызметкерлері “Сабақтастық мәселесі: негізгі мектепке көшу кезіндегі бейімделу мәселелерін зерттеу” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қаралған тақырыптың практикалық пайдасы мен өзектілігін атап өтті.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку