Ата-аналар университеті: Балаға мамандық таңдауда қалай көмектесуге болады?

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
10.03.2021
999
700

Мамандық таңдау әр баланың өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ата-аналардың оны шешудегі көмегі өте құнды. Ата-аналар университетінің кезекті сабағында аналар мен әкелер болашақ мамандық таңдауда баланың мүддесін ескеру жолдары мен баланы таңдау жасауға қалай үйрету керектігін білді.

Кәсіби бағдар беруші Индира Абсадикова мектептегі кәсіби бағдар жұмысының негізгі бағыттары мен құрылымы туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол ата-аналарды 6 қадамнан тұратын мамандық таңдаудың ерекше әдісімен таныстырды. Тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын И.Абсадикованың дәрісі барысында айтылған алдағы 5-10 жылға арналған ең перспективалы салалар мен мамандықтар тізімі тудырды.

Педагог-ұйымдастырушы-кураторлардың баяндамасы оқушыларға оң әлеуметтік тәжірибе мен әлеуметтік құзыреттілік дағдыларын беретін «10 күн ата-ана жұмысында», «Баланы жұмысқа ал», «2 апта ауылда» сияқты әлеуметтік тәжірибелеріне арналды. Оқушылар практикасының нәтижелері «Әлеуметтік практика» бейнеролигінде көрсетілді.

Қонақ ретінде білім беру саласының құрметті ардагері Есенкүл Кохаева шақырылды. Ол мұғалім мамандығы отбасылық дәстүрге айналған жанұясындағы династия жайында әңгімеледі. Сөз соңында мектеп қонағы аталған үрдістің үзілмейтініне және немерелері мен шөберелерінің оны жалғастыратынына шын жүректен сенетінін жеткізді.

«Әулет кәсібі» тақырыбын NIS Тараз оқушылары отбасындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген: педагогтар, дәрігерлер және әскери қызметкерлер әулеттері туралы бейнеролик жалғастырды.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку