«Қолдайық, ауыл мектебін!» республикалық әлеуметтік акциясы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
28.05.2018
999
700

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында таяу жылдарға арналған міндеттерінің бірінде «Туған жер» жобасын жүзеге асыруды ұсынды. Туған жерге, оның дамуына айрықша атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі деп атап айтқан болатын. Яғни аталған жоба жақын болашақта жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналып, халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізі болмақ.

Осыған орай, Елбасы ұсынған игі бастаманы жүзеге асыру мен қолдау мақсатында және елордамыз Астананың 20 жылдығы мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қолдайық, ауыл мектебін!» республикалық әлеуметтік акциясы Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы бастамасымен қолға алынды. Іс-шара еліміздің 16 аймағында орналасқан 20 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  қатысуымен өтті.

Акцияға Тараздағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы мен оқушылары да ат салысты.  Игі  шара аясында Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы Қостөбе орта мектебіне 100 дана бөлме гүлдері, ақпараттық бұрыш, 300 ден астам көркем және ғылыми-танымдық әдебиет, 15 спорттық добы, үстел ойындары, 3D принтері және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Оқу бағдарламалары орталығы, Педагогикалық шеберлік орталығы, Педагогикалық өлшеулер орталығы жасаған  43 дана мұғалімдерге арналған  әдістемелік нұскаулар сыйға тартылды.

Астанадан арнайы ат басын бұрған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Төрайымының орынбасары Назипа Алтынбекқызы акция туралы былай деді: – «Бүгінгі орын алып отырған игі шара ауылдан шыққан түлектер мен басқа да мектептер тарапынан қолдау тауып, болашақта өз жалғасын табады деген сенімдеміз».

Акция күні Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдері мен Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері ауыл мектебінің ұстаздарына жаңартылған білім мазмұны мен критериалды бағалау, оқытудың әдістері мен технологиялары бойынша  консультациялар ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері жергілікті әріптестерімен оқушыларды кітап оқуға ынталандыратын әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Екі мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері өзара пікір алмасып, болашақ қарым-қатынас жоспарын құрды. Сонымен қатар, «Туған жерім-Қазақстаным!» атты концерттік бағдарлама аясында мектеп оқушылары өнерлерін көрсетті.

Қостөбе орта мектебінің директоры Мамырбаев Нұрболат Серікұлы мектеп ұжымына алғысын білдіріп, болашақта да тығыз серіктестікте жұмыс атақарамыз деген ойымен бөлісті. Физика пәнінің мұғалімі Наурызбаева Халима өз алғысын өлең жолдары арқылы жеткізді:

Бұлттан шыққан күндей боп жарқыраған

Білімнің ауыр жүгін арқалаған

Назарбаев зияткерлік мектебіне

Мен осындай нық сенімді арта алам

Шет елменен тəжірибе алмастырған

Білімменен өнерді жалғастырған

Тəжірибені мектепке ұсынған да

,Білімді бол “ол сіздің алғашқы ұран

Көмек қолын мектепке созып келді

Қуаннғаннан сөз таба алмай қалдым енді

Білімдері тəжірибелі ұстаздардың

Бұзғандай қалың тоңды мұз бен сеңді

Басымды иіп тұрып ризалықпен

Алғысымды білдіргім келді енді.

Акцияны өткізуде «Казцинк» ЖШС,  Ұлттық құндылықтарды дамыту «Абырой» жеке қоры және Жексенбай Б. Н., Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президентінің кітапханасы, «Деловой мир Астана» демеушілік қолдау көрсетті.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку