Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің 5 сынып оқушыларының назарына! 2017 жылдың 20 ақпан – 21 наурыз аралығында Виртуалды мектепке қатысушыларды тіркеу жүргізіледі. Виртуалды мектепке қатысу жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына «Өркен» білім грантын тағайындау бойынша байқаудан өтуге дайындалуға мүмкіндік береді.