Түлектердің дәстүрлі кездесуі өтті

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
04.01.2019
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа 2019 жыл түлектер кездесуімен басталды.

Бұл жолы альма-матер 2015, 2016 және 2018 жылғы түлектер – ҚазҰУ, ҚБТУ, МУИТ, СДУ, KAIST, Будапешт технология және Экономика университеті және т. б. сияқты еліміздің және шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарының 100-ге жуық студенттерін жинады.

Дәстүрге айналған қаңтар кездесуіне мектептің жоғарғы сынып оқушылары, болашақ талапкерлер де қатысты.

Шара басында директордың орынбасарлары Асемгүл Койшыгараева, Асемгүл Букутова және жатақхана меңгерушісі Шолпан Кульмаханбетова құттықтау сөз сөйледі.

– Сіздерді мектеп қабырғасында көргенімізге қуаныштымыз! Бүгінгі кездесу жемісті өтеді деп үміттенеміз, әсіресе біздің жоғарғы сыныптағы оқушылар үшін. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!, – деп атап өтті  директордың бейінді эксперименталдық іс жөніндегі орынбасары Асемгүл Койшыгараева.

Одан әрі кәсіптік бағдар беру жөніндегі кеңесші Айдана Омарова іс-шара бағдарламасын қысқаша баяндап, ЖОО-ның презентациялар сессиясын бастады.

Түлектер өздерінің университеттерімен таныстырып, жеке тәжірибесімен және студенттік өмір ерекшеліктерімен бөлісті, сондай-ақ  университеттерінің негізгі бағыттары, мамандықтары мен өту балдары туралы айтып берді.

Презентация соңынан іс-шараның қорытынды бөлімі – кофе-брейк ұйымдастырылып, онда оқушылар ЖОО студенттеріне қызықтырғын сұрақтарын қойды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку