Қанат Әуесбайдың «Looking west». A kazakh’s view of Great Britain» – «Батыс көрген». Ұлыбритания қазақтың көзімен» кітабының таныстырылымы.

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
17.03.2017
999
700
2017 жылдың 1 ақпанында Тараз қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде журналист-публицист Қанат Әуесбайдың «Looking west». A kazakh’s view of Great Britain» – «Батыс көрген». Ұлыбритания қазақтың көзімен» кітабының таныстырылымы өтті.
Кітап қазақ және ағылшын тілдерінде шығып отыр. Қанат Әуесбай бұл еңбегінде Ұлыбританиядағы түрлі өмір салаларына өзінің публицистикалық көзқарасын Қазақстанмен салыстыра отырып, суреттейді. Кітапта сонымен қатар, ағылшындық тұрмыс ерекшеліктері, өмір cүру салты, жаһандану кезіндегі ағылшын тілінің маңызы, білім саласы мен БАҚ, жастар мәселесі және т.б. қалам арқауына айналған. 
Кітаптың тұсаукесері алғаш рет кітап 2016 жылдың 15 желтоқсанында Кэмбридж Университеті, Ұлыбританияда өтті. 
Қанат Әуесбай – Тараздағы Б.Момышұлы ат. №45 гимназия түлегі, «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған еліміздегі тұңғыш журналист. ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының мүшесі, Қазақстан бас редакторлар клубының мүшесі, Шығыс Англия университетінің түлегі (Ұлыбритания, Норвич), филология ғылымдарының кандидаты. Л.Гумилев ат. ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің доценті. Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, БАҚ өкілдеріне арналған «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жеңімпазы.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қанат Әуесбайды жылы қарсалып және оның кітабында үлкен қызығушылық танытты. Кітап таныстырылымы жәйімен оқушылармен достық әңгіме айналды. Оқушылар Қанат мырзаға өз сұрақтарын қойып – көптеген өмірлік кеңестер алды десек артық болмайды. Кеш сонында, Қанат Әуесбай кітабының бір данасын Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасына тарту етті.
Өз тарапынан, Назарбаев Зитякерлік мектебі Қанат Әуесбаға өз алғысын білдіреді және де әрі қарай шығармашылық табыстар тілейді!
🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку