Тараз қаласындағы NIS мұғалімдері “Ауыл мектебі” пилоттық жобасы аясында озық тәжірибені тарату жұмысын жалғастырды. Microsoft Teams платформасында өткен онлайн жиынға Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Н.Ақшабаев атындағы орта мектептерінен 80-ге жуық ұстаз қатысты.
Жалпы тәжірибе таратуда «Оқу үрдісінде саралап оқытудың әдіс-тәсілдері» шеберлік сыныбы мен «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» тренингі ұйымдастырылды. Мектебіміздің химия, физика, дене шынықтыру, қазақ тілі, тарих пәндерінің мұғалімдері спикер болып, белгілі тақырыпта терең ой қозғады.
Шеберлік сағатта БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыруда жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмалар ойластыру, физика, дене шынықтыру сабақтарында дифференциялды оқыту технологиясын тиімді құрал ретінде қолдану тақырыптары талдап, түсіндіріп берді. Ал тренингте БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын тиімді құрастыру оқушылардың талдау дағдысын қаншалықты дамытады секілді өзекті сұрақ талқыланып, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың тиімділігі көрсетілді.
Жүйелі жоба ауыл мектептері ұстаздарының қызығушылығын оятып, олар әр спикерге кері байланыс беріп, сұрақтарын қоя білді. Шара соңында білім саласындағы заманауи тәсілдерімен бөлісіп, түсіндіргені үшін, Зияткерлік мектеп ұстаздарына алғыстарын білдірді.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.