Пилоттық мектептің мұғалімдеріне арналған кезекті семинар өтті

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
10.01.2019
999
700

А. Пушкин атындағы № 41 көпсалалы гимназиясының 25 педагогы Тараз қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің семинарына қатысты.

Іс-шара барысында Тараз қ. НЗМ филиалы, Тараз қ. ПШО филиалы және білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялау бойынша пилоттық мектептердің бірлескен жұмысының 1-ші жарты жылдығының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 2-жартыжылдыққа арналған апробациялау бойынша бірлескен жұмыс жоспары түзетілді.

Тараздық Зияткерлік мектеп мұғалімдері «Оқушылардың гуманитарлық пәндерде зерттеу қабілеттерін дамыту» шеберлік сыныбын, «Оқу сауаттылығы оқыту үдерісінің негізі ретінде» семинар-практикумын, «Ақпаратпен жұмыс жасау әдісі» практикумын, сондай-ақ, БЖБ және ТЖБ  тапсырмаларын құрастыру бойынша кеңестер сағатын өткізді.

Тараз қ. ПШО-ның менеджер-әдіскері «Бастауыш мектеп оқушыларының өзіндік қызметін ұйымдастыру формасы ретінде үй жұмысы» тренингін өткізді. Тренинг барысында мұғалімдер үй тапсырмасын орындау принциптерін, көлемін және уақытын анықтай алды, үй тапсырмасын тексеру кезінде түрлі жұмыс түрлерімен танысты, деңгейлік тапсырманың негізгі мәнін анықтады.

Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, шараның практикалық пайдасы мен қаралған тақырыптың өзектілігін атап өтті.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку