Халықаралық студенттік спорт күні атап өтілді

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
16.09.2018
999
700

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы күнтізбесіне сай – 20 қыркүйек ретінде бекітілген. Осыған орай Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 7-12 сынып оқушылары арасында Президенттік көпсайыс ұйымдастырды. Президенттік көпсайыс оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және түрлі спорт түрлерін насихаттау мақсатында өтті.

Спорттық жарыс халықаралық президенттік көпсайыс ережесіне сәйкес жүргізіліп, қысқа қашықтыққа жүгіру, кермеге тартылу, жатып денені көтеру, ұзындыққа секіру сияқты спорт түрлерін қамтыды. Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап Тараздағы Зияткерлік мектеп  Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы мүшесі атанды. Негізі 2009 жылы қаланған федерация құрамында қазіргі уақытта Қазақстан аумағы бойынша 3000-нан астам мүше және 50 клуб бар. Ұйымның мақсаты білім беру, ғылым және мәдениет арқылы бейбіт қоғамның дамуына жәрдемдесу, шығармашылық дарынды жас буынды қолдау, балалар мен жастарды төзімділік, белсенді азаматтық рухта тәрбиелеу.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку