Тәуелсіздіктің 26 жылдығы тойланды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
15.12.2017
999
700

Биыл еліміздің Тәуелсіздік таңы атқанына 26 жыл толуда. Мереке қарсаңында көптеген ұйымдар мен мекемелер өз іс-шараларын өткізіп жатыр. Тәуелсіздік күнін атап өту мақсатында, Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде де концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

«Тәуелсіздік – еркіндік, ежелден ел тілегі» деп аталған мерекелік іс-шарада мектеп оқушылары мен мұғалімдері әннен, биден шашу шашып, көрермендерін қуантты. Мұғалімдерден құралған домбырашылар дуеті «Балбырауын», «Әлқисса» күйлерін шертіп қонақтарды ерекше сеізмге бөледі. Оқушылардың орындауында туған жер, бейбіт ел туралы әндер шырқалды.

Сонымен қатар, мерекелік концерт барысында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, білім, спорт, әлеуметтік шараларда жетістікке жеткен мектеп оқушылары мен мұғалімдерін марапаттады. Атап айтсақ,  «Тенгри 2017-2018» Халықаралық көпбейінді топтық қашықтық олимпиадасына мектептің оқушыларынан құралған 5 тобы қатысып, барлығы да 1 орынға ие болған еді. Оқушыларды аталған олимпиадаға дайындауда еңбек сіңірген жетекшілері – Ж.Сулейменкулов, Н.Шырышбаев, М. Гочияева және А.Рыскулбековке алғыс хаттар табысталды. «Bookcrossing» желілік науқанына белсене қатысып, ең көп кітап қорын жинаған «Дарын», «Жалын» шаңырақтары марапатталды. Тараз қаласы мектептері қыздар арасында волейболдан ұйымдастырылған жарыста 3 орынға ие болған мектеп командасына медальдар мен грамоталар берілді.

Ерекше атап өтетін жайт, мектептің АӘД пәні мұғалімі Гани Аденов жақында Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық Кеңес шешімімен «Еңбек үздігі» құрметті атағына ие болған болатын. Мектеп директоры өз кезегінде мұғалімді мәртебелі атағымен құттықтап, еңбегінің жемісті болуын тіледі.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку