«Шын жүректен» әлеуметтік жобасының жаңа маусымының ашылуы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
21.11.2018
999
700

21 қараша күні Тараздық Назарбаев Зияткерлік мектебінде әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары өкілдерінің мектеп оқушыларымен кездесуі өтті. Кездесу «Шын жүректен» әлеуметтік жобасының жаңа маусымының ашылуына және өткен жылдағы жұмыс қорытындысымен таныстыруға арналды. Мектеп қонақтары-арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтар, балалар үйлері, аналар үйлері, мүгедектерді бейімдеу орталықтары қызметкерлері оқушыларға олардың тамақтану, өмір сүру жайлары туралы,  демеушілер мен меценаттардан келіп түсетін көмектер туралы айтып берді.

«Біздің мектепте оқушылардың азаматтық-патриоттық тәрбиесіне үлкен көңіл бөлінеді, балалардың тікелей қатысуымен қоғамға қызмет етуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Іс-шаралар концерттер, спорттық жарыстар, қайырымдылық акциялары, арт-терапия, кездесулер, дөңгелек үстелдер түрінде өткізіледі. Оларға қатыса отырып, балалар қоғамдағы көкейтесті мәселелерге араласып, өмірдегі өз орны мен мақсатын түсінеді», – деп атап өтті өз сөзінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айша Жолдасбекова.

Кездесу диалог форматында өтіп, оқушылар аталған орталықтағы кездесіп жатқан мәселелер, ондағы адамдардың саны туралы сұрақтар қойды. Әлеуметтік орталықтар өкілдері өз кезегінде Зияткерлік мектепке алғыстарын білдіріп, ынтымақтастықты жалғастыру бойынша ұсыныстарын айтты.

Іс-шара мектеп оқушыларының дайындаған музыкалық нөмірлерін тамашалаумен аяқталды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку