Кітапхананың қызмет көрсету сапасын арттыру жайы сөз болды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
20.11.2020
999
700

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аға педагог-кітапханашысы Асель Журумбаева облыстық және қалалық кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен кітапхана қызметшілерімен «Жаңа жағдайдағы кітапхананың ақпараттық-білімдік ортасын құру және қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбындағы тәжірибесімен бөлісті.

Тәжірибе бөлісу облыстық білім басқармасының әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Білім беру ұйымының ақпараттық кеңістігін арттырудағы кітапхананың ролі» атты вебинары барысында жүзеге асты.

Вебинар қазіргі жағдайға және еліміздегі кітапхана саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай кәсіптік орта білім беру ұйымдарының кітапханашылары мен әдіскерлеріне әдістемелік көмек пен кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған.

Зияткерлік мектебінің аға педагог-кітапханашы А.Журумбаева қазіргі кітапхана қызметін сапалы ұйымдастырып, оны дәстүрлі кітапханадан сандық кітапханаға айналдыру қажеттілігі туралы баяндады.

– Қазіргі заман талабына сай, біз еліміздегі кітапханалар қызметін трасформациялауымыз қажет. Оқырмандар үшін кітапхана жұмысын барынша оңтайлы әрі тиімді етіп ұйымдастырған жөн. Вебинарда Зияткерлік мектептер кітапханаларындағы қызмет көрсету сапасы жайында сөз қозғадық, – дейді Асель Қуатбекқызы.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку