Облыстық ғылыми-әдістемелік семинар

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
03.10.2017
999
700

2017 жылдың 3 қазан күні Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мәңгілік ел» идеясы – оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды жүзеге асырудағы жаңа бағыт» тақырыбындағы облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарды ұйымдастырушы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті. Семинардың мақсаты – білім беру мекемелеріндегі «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру аясында тәрбие жұмыстарын жетілдірудің тиімді жолдарын қарастыру, тың идеялар мен озық тәжірибелерге, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету.

Аталған семинардың теориялық бөлімінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті, М.Х.Дулати атныдағы Тараз мемлекеттік университеті, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» БАҰОАҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Меркі ауданы «Мәңгілік ел» тәрбие және білім беру орталығы, Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп қызметкерлері сөйледі.

Тәжірибелік бөлімде Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушы-куратор, педагог-психологтар және жатақхана тәрбиешілері коучингтер мен шеберлік сыныптарын көрсетті. Семинарда мектептің жатақхана оқушылары мен тәрбиешілерінің жасаған қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды.

IMG_0506 IMG_0519 IMG_0447 IMG_0443 _MG_0470 IMG_0689 IMG_0668 IMG_0615 IMG_0566 IMG_0556

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку