НЗМ Кубогы үшін сайысқа түсті

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
22.12.2017
999
700

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінде Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған шаралардың бірі волейболдан қыздар арасындағы облыстық турнир.

Аталмыш турнирде Жамбыл облысы және Тараз қаласы мектеп оқушылары Назарбаев Зияткерлік мектебінің кубогы үшін сайысқа түсті. Атап айтсақ, Жуалы, Сарысу, Жамбыл ауданы мектебі, қала мектептерінен №5, №37, №40, сонымен қатар, «Білім-инновация» лицейі, Мектептен тыс жұмыс және бала шығармашылығы орталығы, Тараз қаласы Зияткерлік мектебінің қыздар командасы қатысты. Турнирге Тараз қаласының спорт ардагерлері – Досанов Ақылбай Досанұлы, Орынбеков Мадеш Серікбекұлы келіп, өздерінің кәсіби ақылдарымен бөлісті.

Жарыс нәтижесінде төрешілер шешімімен Жамбыл ауданы мектебінің қыздар командасы жеңімпаз атанып,  НЗМ кубогына ие болды. Оқу жылының басынан бері мектепте салауатты өмір салтын қалыптастырып, дені сау ұлт тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар жиі ұйымдастырылуда. Оқушылар арасында ынтымақтастық орта құруды көздейтін мұндай жарыстар, оларға спорттан мол тәжірибе алуға мүмкіндік берері сөзсіз.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку