Аймақтағы дарынды балалармен кездесу мақсатында өткен «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ДАРЫНДЫ ҰЛАНДАРЫ» атты форумға 500 дарынды оқушылар, мектеп басшылары және пән мұғалімдері қатысты. Олардың қатарында Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары да бар.
Аружан Манарбекова- «Халықаралық математика және жобалау» халықаралық ғылыми байқауының 1 орын жеңімпазы, Вернадский атындағы жалпыресейлік оқушылардың ғылыми зерттеу конкурсының лауреаты, Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасындағы желілік ғылыми жобалар сайысының 1-орын иегері.
Арсен Жұмағали – Сатпаев оқулары халықаралық ғылыми конференциясының жеңімпазы, Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасындағы желілік ғылыми жобалар сайысының 1-орын иегері.
Ақәділ Айту – Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасындағы желілік ғылыми жобалар сайысының 1-орын иегері.
Зарифжон Рахимов- Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасындағы желілік ғылыми жобалар сайысының 1-орын иегері.
Мерей Марат- Вернадский атындағы жалпыресейлік оқушылардың ғылыми зерттеу конкурсының 1 орын иегері. Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасындағы желілік ғылыми жобалар сайысының 1-орын иегерлері.
Білім алушылардың ойлап тапқан жобалары көрмеге қойылып, көпшілік назарына ұсынылды.
-Бүгінгі жиналған жастар, біз ойлаймыз, қазіргі таңдағы Әулиеата жерінің қаймағы деп. Ұйымдастырылған көрмеде өте мықты жобалар көрсетілді. Бұл жобалар біздің қазіргі және болашақтағы экономикамызға үлкен үлес қосады деп білеміз,-деп атап өтті аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев.
Жиында сөз алған облысы әкімі Бердібек Сапарбаев білім бәйгесінде оза шауып, алдыңғы қатардан көрінген өрендерге марапат табыс етті.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.