«Мейірімділік керуені» әлеуметтік жобасы

         Жоба мақсаты: Жатақхана тәрбиеленушілерінің бойына ұлттық құндылықтар негізінде мектеп құндылықтарын: құрмет, жауапкершілік, коллоборативті мәдениет, ашықтық, айқындық, адалдық, сана-сезім қасиеттерін сіңіру. ХХІ ғасырдың білімі мен  дағдыларын меңгерген,  жаһандық әлемге және өз еліне үлесін қосуға даяр және қоғамда кездесетін қиындықтардың шешімін табуға бейім, жанашыр жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.

Жоба міндеті:

Ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтары негізінде тәрбиеленушілердің бойына имандылық, үлкенге ізет, кішіге құрмет, адамгершілік қасиеттерін сіңіру;

ХХІ ғасырдың білімі мен дағдыларын меңгеруіне қолайлы жағдай жасау;

Қоғамда кездесетін қиындықтардың шешімін табуда бағыт-бағдар беру;

Еңбекті сүйетін, Отанымыздың білікті де білімді, жанашыр, адал азаматы болатын жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.

          Күтілетін нәтиже: Жатақхана тәрбиеленушілері ұлттық құндылықтар негізінде мектеп құндылықтарын бойына сіңіреді. Қоғамда кездесетін қиындықтардың шешімін табуға бейім, жанашыр жеке тұлға қалыптасады.

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку