Мектепішілік ата-аналар комитетінің жиналысы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
24.09.2017
999
700

Тараз қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2017 жылдың 23 қыркүйек күні мектепішілік ата-аналар комитетінің жиналысы өтті. Күн тәртібіне сай келесі мәселелер талқыланды:

1. Астана қаласында өткен тамыз конференциясында НЗМ ата-аналар комитеттерінің жұмысы туралы ақпарат;

2. 2016-2017 оқу жылындағы мектептің оқу жұмысының нәтижесі;

3. Мектепішілік ата-аналар комитетінің жаңа төрағасын тағайындау;

4. Мектеп ата-аналар комитеті кеңесін секторлар бойынша сайлау;

5. Әр түрлі мәселелер.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге сай, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Апсаматова Г.А. ағымдағы жылдың тамыз айында Астана қаласында өткен тамыз конференциясында НЗМ ата-аналар комитеттерінің жұмысы туралы жасаған баяндамасымен бөлісті.

Тараз қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Байназаров Т.Б. 2016-2017 жылдағы мектептің оқу жұмысы нәтижесімен таныстырды.

Сонымен қатар, жиналыс барысында ата-аналар дауыс беру арқылы мектептің ата-аналар комитетінің төрағасын сайлады. Дауыс беру нәтижесінде ата-аналар бірауыздан Г.А.Апсаматованы 2017-2018 оқу жылына ата-аналар комитеті төрайымы ретінде қалдыруға шешім қабылдады.

Мектептің ата-аналар комитеті кеңесін секторлар бойынша сайлау 4 бағытта жүргізілді: оқу, тәрбие, қаржы және спорт-денсаулық. Аталған кеңестің көмекшілері және ата-аналар комитетінің хатшысы да сайланды.

Жиналыс соңына қарай, мектеп директоры Байназаров Талғат Бейсембекұлы ата-аналардың өткен жиналыс соңындағы кері байланыста қойылған сауалдарына жауап берді. Ата-аналарды көп қызықтырған сұрақтардың бірі алдағы ҰБТ және IELTS халықаралық тесті болды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку