Наурыз мерекесі қарсаңында Тараздағы NIS-тің бірден 10 оқушысы «Елбасы Медалімен» марапатталды. Беделді марапатқа жобаға қатысып, өз дағдылары мен мүмкіндіктерін толықтай аша білген зияткерлер лайық деп танылды.
– Челленджге қатыса отырып, өзімізді жетілдіріп қана қоймай, мүддесі мен мақсаты ортақ жаңа достар таптық. Күн сайын физикалық жағдайымызды жақсартып, дағдыларымызды дамыттық, айналамыздағыларға барынша көмек бердік. Жоба қызықты әрі ұмытылмас тәжірибе сыйлады, – деп өз әсерімен бөлісті медаль иегерлері.
Медаль мен төс белгіні мектеп директоры Тимур Нуркешов салтанатты жағдайда тапсырды.
– Бұл марапат – сіздердің оқуда озат, белсенді өмірлік ұстанымға ие, талантты да дарынды тұлға екендеріңіздің дәлелі. Әрқайсыңыздың бойыңызда мемлекет тұтқасын ұстауға лайықты барлық қабілет бар. Сіздерге сәттілік пен оптимизм тілеймін, жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер! – деген тілегін білдірді мектеп басшысы Тимур Сейтқажыұлы.
Айта кетейік, осыдан екі ай бұрын еліміздің ең ірі челленджінің медалін тараздық NIS-тің тағы бір оқушысы Сания Қайнарқызы алған болатын. Санияға медальді «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» форумы кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі таққан болатын.
I-орын; «Биология» пәні бойынша Пернебек Аделя,Бейсембек Дания. Жетекшісі: Койшыгараева А.Т. «Ағылшын тілі» бойынша Келесова Мерей. Жетекшісі: Сейдуалиева З.Ш. «Орыс тілі» пәнінен Студенцов Никита. Жетекшісі: Белозерова О.И. II-орын; «Информатика» пәні бойынша Жансейт Арсен, Мейрамбек Нұрасыл. Жетекшісі: Колоханов Н.Е. «Орыс тілі» пәнінен Түкен Бибінұр, Куат Аруана. Жетекшілері: Станишевская Г.А. және Танибекова Р.Ж. «География» пәнінен Рахымжан Ерасыл. Жетекшісі: […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 – сынып оқушысы Нұрай Едіге Катардағы Northwestern университетінде толық оқу және тұру шығындары төленетін 100% грант иегері атанды. Бұл мектебіміз үшін айтарлықтай жағдай, бірінші рет мектебіміздің тарихында біздің оқушымыз Катар мемлекетінен білім алатын болады. Northwestern Университеті әлемдік рейтингінде #24-ші орында, Америка құрама штаттарындағы #9 Ұлттық Университет. Northwestern Qatar университетінен […]
NIS базасында олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Аталған олимпиада еліміздің 21 аймағында және көршілес Қырғызстан мемлекетінің ірі қалаларында 6-7 сынып оқушылары арасында өткізіліп келеді. Бұл олимпиада жобасы 2016-2017 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің негізінде математиканың үздік дәстүрлерінің лайықты жалғасы ретінде құрылған. Олимпиадаға өз бақтарын сынауға Жамбыл облысынан орта мектеп оқушыларымен қатар, БИЛ, Дарын, СШОД оқу […]
Зияткерлер арасынан “Believe – жетілдірілген құралдарды қолдана отырып, аралардың өмір сүру сапасын бақылауға және жақсартуға арналған ақылды, инновациялық ұя”-жүйесін ойлап тапқаны үшін, Айдархан Амирхан, Бекбулат Жангерей, Даулети Адилет жүлделі ІІ-орынды иеленді, сондай-ақ жеңісті жоба үшін 4 млн. Кезекті жоба “CarboNick – парниктік газдардан жасыл сутегін өндіруге арналған озық зауыт”-ұсынған Буркитбаева Адель, Бакирова Фатима ІІІ-орын және […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.