8 Наурыз – көктемнің алғашқы мерекесі

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
07.03.2018
999
700

Жыл сайын 8 Наурызда бүкіл әлем Біріккен Ұлттар Ұйымының күнтізбесіне енген Халықаралық әйелдер күнін тойлайды.  Осы күнді атап өту дәстүрі бұрынғы КСРО-ның бірқатар елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да сақталған. Еліміздің көптеген ұйымдарында әйелдерге арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі.

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мейрам таңертең гүлдер мен құттықтау хаттарын сыйлаудан басталды. Кіре берісте әйелдер қауымын әдемі киінген ерлер қарсы алды. Тағы бір қуанышты тосын сый, мектеп асханасының ерекше әсемделуі, интерьерде тірі табиғат элементтері: өсімдіктер, алтын балықтары бар әдемі аквариум пайдаланылған. Күн соңына қарай оларды мерекелік фуршет пен концерттік бағдарлама күтті.

Бір күн бұрын мектеп оқушылары өздерінің сүйікті аналары, әжелері мен әпке-қарындастарын құттықтаған болатын. Мерекелік шара оқушылар және қосымша білім беру педагогтарының бірлесуімен ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламада өлеңдер, театрландырылған қойылымдар, би және вокал нөмірлерін қамтыды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку