“Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы”

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
14.11.2018
999
700

13 ноября 2018 года учащиеся Назарбаев Интеллектуальной школы встретились с руководителем отдела Филиала АО НЦПК «Өрлеу» Института повышения квалификации педаго

2018 жылдың 13 қарашасында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының бөлім басшысы Оспанбаева Махаббат Пернебайқызымен кездесті.

«Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» деп аталған кездесу мектептің «Маманға 100 сұрақ» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Махаббат Оспанбаева балаларға өз халқының өткеніне терең қызығушылық таныту арқылы рухани әлеуетті арттыру, зияткерлік, адамгершілік-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру маңыздылығы туралы айтып берді. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, ана тілге, қазақ халқының мәдениетіне құрмет көрсету мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында оқушылар Ескендір Хасанғалиевтің орындауындағы «Атамекен» патриоттық әнін шырқап, Махаббат Пернебайқызына танымдық әңгімесі үшін алғыстарын білдірді.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку