«Қайырымдылық ісіңнен көрінеді»

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
31.10.2017
999
700

Қиналған сәтте адамдардың бір біріне демеу болып, мейірімдік танытып, көмек қолын созуы қазіргі қоғамның өзекті тақырыбына айналып отыр.  Осындай шараларды жүзеге асыру мақсатында түрлі  қоғамдық қорлар құрылуда. Солардың бірі Жамбыл облысындағы «Өркен-Ниет» қоғамдық қоры. Аталмыш қор облыс көлемінде бірнеше жоабаларды жүзеге асыруда. Атап айтсақ, әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік, киім-кешек таратуға бағытталған «Ақ дастархан», «Жанұя жанұяға көмектеседі» атты жобалары бар.

Мұндай игі істен Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы да шет қалмады. Қазан айының 24-28 аралығында аталған жобалар аясында мектептің қызметкерлері, оқушылар және ата-аналары бірлесіп әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы төмен отбасыларға көмек қолы ретінде азық-түлік, киім-кешек толтырылған қораптарды «Өркен-Ниет» қоғамдық қорына табыстады.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, осындай игі бастамалар болашақта да өз жалғасын табады деп сенеміз.

IMG-20171031-WA0007 IMG_6441 IMG_6432 IMG-20171031-WA0028 IMG-20171031-WA0022 IMG-20171031-WA0021 IMG-20171031-WA0011

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку