ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЛАУРЕАТ ЖӘНЕ ЖҮЛДЕЛІ БІРІНШІ ОРЫН!

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
30.04.2021
999
700

Тараз NIS оқушысы Аружан Манарбекова В. И. Вернадский атындағы XXVIII Бүкілресейлік жасөспірімдер оқуларында» ЛАУРЕАТ атанды. Зерттеу тақырыбы – “Математикалық есептеулер арқылы көру қабілетіне әсер ететін факторларды бағалау”. Аружан лауреат атанумен қатар, «Үздік пәнаралық зерттеу» номинациясын иеленіп, мәселені зерттеуге жүйелі көзқарасы үшін грамотамен марапатталды. Жоба жетекшілері – Қанат Қаражігітова мен Балжан Дүйсекееваға арнайы алғыс хат берілді.

Сонымен қатар, Тараз Зияткерлік мектебінің бірыңғай оқушылары – Жазықбай Лейла, Баймаханова Фатима мен Марат Мерей, Құрманбаева Фаризаның жұмыстары «В. И. Вернадский атындағы XXVIII Бүкілресейлік жасөспірімдер оқуларынан» жүлделі бірінші орынға лайық саналып, ерекше номинацияларға ие болды.

Халықаралық жоба онлайн форматта ұйымдастырылды. Жалпы сайысқа екі зерттеу: «Шындықты іздеудегі өмір: Амантай Айзахметовтың тұлғасы, шығармашылығы және зерттеулері», «Ұлы Отан соғысы кезіндегі Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қосқұдық орман шаруашылығы аумағындағы еңбек қызметі» ұсынылды.

Жоғарыда атап өткеніміздегей, оқушылар бірінші орынмен қатар арнайы номинациялармен марапатталды. Атап айтар болсақ, Мерей Марат, Фариза Құрманбаеваның ғылыми зерттеуі «Ғылыми пікірталастың белсенді қатысушысы», «Зерттеу өлкетануы», «Ұлтаралық диалогты дамытқаны үшін» атты грамоталар берілді. Ал, Фатима Баймаханова мен Лейла Жазықбайдың жұмысы «Ұлттық мәдениетке қызығушылық танытқаны үшін» марапатын алды.

Жоба жетекшілері – тарих пәнінің мұғалімдері: Любовь Исатаева, Камилла Утегенова.

Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку