«Білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» дөңгелек үстелі

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
26.10.2018
999
700

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Білім сапасын басқару және менеджмент» бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 25 қазанында дөңгелек үстел өтті.

«Білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбын қамтыған жиынға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары мен директор орынбасарлары қатысты. Жиналудағы негізгі мақсат мектептегі білім беру сапасын арттыруда мектеп басшыларына ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету болды.

Мемлекет басшысы соңғы жолдауында «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс» деген болатын. Аталған тапсырма аясында Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Назиля Тұрмаханбетова әріптестерімен мектепті сәтті басқарудағы тәжірибесімен бөлісті. Соның ішінде оқу үдерісінің қатысушылары оқушыларға, ата-аналарға және қызметкерлерге көрсетілетін психологиялық қолдау түрлерімен таныстырды. Тәжірибеде оқу процесін қолайлы ұйымдастыруға бағытталған бірнеше ұсыныстарын ортаға салды.

Дөңгелек үстел соңында Тұрмаханбетова Н.М. жиынға белсенді қатысып, мазмұнды ақпараттық дайджест жасағаны үшін Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Шахризада Асылбекқызының алғыс хатымен марапатталды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку