«Кітап және қаламгер» атты автормен кездесу

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
03.05.2017
999
700

27 сәуір күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің доценті, профессор, жазушы-журналист Меңдібай Әбілұлы мектебіміздің оқушыларымен кітапханада кездесті. Қонағымыз бабалар әдебиетінің зерттеушісі, балаларға арналған “Ежелгі сақ дәуіріндегі балалар әдебиеті” атты хрестоматиялық оқу құралы,Сақ дәуіріндегі қазақ әдебиеті, “Ежелгі дәуірдегі балаларға арналған көне эпостар” ” Қазақ хандығы дәуіріндегі балалар әдебиеті (ХV-ХVІІІ ғасырлар)” сынды бірнеше жинақтардың авторы. Автор өзінің жазушылық жолға жалпы қалай келгенін, соның ішінде балалар әдебиеті жанрында шығармалар жазуға не ықпал еткені жайлы әсерлі әңгімелерімен оқушыларымызбен бөлісті. Кездесу 1 мамыр – Қазақстан хақының достығы және бірлігі күніне орай ұйымдастырылып отырғандықтан, кешіміздің қонағы мерекенің қоғам өміріндегі маңызы жайлы сөз қозғап, мерекемен құттықтап, ақ-тілектерін арнады.
Жазушының шығармашылығы жайлы өздерінің сыныптас құрбыларына 8 B сыныбының оқушылары Мыңжасар Дамира, Кенжебек Әсел, Серікханова Арайлым сөз алып, әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, Меңдібай Әбілұлы ауыз әдебиетінің қисса,дастан, жазба айтыс сынды түрлеріне тоқталып, олардың өзара ерекшеліктері жайлы балаларға терең мағлұмат берді. Оқушылар жазушыға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Ғалым ағамыз өз тәжірибесіне сүйене отырып балаларға кітап оқудың маңыздылығы, оның жетістікке жетудегі және рухани дамудағы ролі, ізденімпаздылық, рухани құндылықтарды бағалау жайлы айтып өз сөзін қортындылады.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку