Математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің VI Халықаралық шығармашылық конкурсының қорытындысы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
04.12.2018
999
700

2018 жылғы 1-2 желтоқсанда Алматы қаласында математика, физика және информатика мұғалімдерінің VI Халықаралық шығармашылық конкурсы өтті.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Қазақстандық математика мұғалімдерінің ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келген 320-дан астам мұғалім қатысты.

Жарыста Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математиктер командасын Таштанбекова М.Н., Жанабаев Н.Б., Шанауов Р.А., Бухарбекова Б.Т., Калдыбаева А.Н. құраса, физиктер командасы атынан  Нуржигитова З.Т., Ташенов К.А. шықты. Информатика мұғалімдері командасы намысын Дүйсекеева Б.М., Паншаева Н.А. Канин Д.В. қорғады.

Сайыс қорытындысы бойынша 3 дәрежелі дипломға математика пәнінің мұғалімдері Таштанбекова М.Н., Жанабаев Н.Б. және физика пәнінің мұғалімі Ташенов К. А. ие болды. Жалпы командалық есепте Тараз қаласының Зияткерлік мектеп мұғалімдері 2-ші орынды жеңіп алды. Айта кететін жайт, аталған байқауға мектеп үшінші жыл қатарынан қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

Байқау жұмыстарын қазылар алқасы бағалады. Алқа құрамында өткен жылғы конкурстың жүлдегерлері, яғни Тараздық Зияткерлік мектеп мұғалімдері Ахмедиева Г. Б., Уәлиханұлы Ш. және Жусипназарова Г. М. болды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку