Тараздың Назарбаев Зияткерлік мектебін Үндістандық «IMAGINE» журналы «Айдың үздік мектебі» деп таныды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
09.11.2018
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Үндістанның «Imagine» оқушылар журналында «Айдың үздік мектебі» атанды.

«Imagine» – Үндістан оқушыларына арналған пәндік бағыттар бойынша соңғы жаңалықтарды шығармашылық форматта жеткізетін, сонымен қатар, академиялық білімін толықтыруға бағытталған MagBook түріндегі ресурс.

«Imagine» журналында жұмыс істейтін Тараздық бойжеткен Әсия Исатаева бас редакторына  Қазақстандағы білім беру жүйесі мен ашылғанына бес жыл толған Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі туралы айтып береді. Әсияның анасы, Исатаева Л.Ж., тарих пәні мұғалімі осы мектепте жұмыс істейді, сол себепті Әсия аталған мектеп жүйесімен толықтай таныс болатын. Әсия Исатаева бас редакторға мектептегі үштілді оқыту жүйесі, конкурстық іріктеу мен мектеп оқушыларына ұсынылған мүмкіндіктер туралы баяндайды. Қызметкерінің әңгімесінен әсер алған журнал басшысы Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесі туралы ақпарат жинай бастайды. Араға уақыт салып, басшылық шешімімен «Imagine» журналының келесі нөмірінде әлемнің түрлі елдеріндегі білім беруге арналған «Айдың үздік мектебі» айдарында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі туралы ақпарат жарық көреді.

Журнал редакциясы Назарбаев Зияткерлік мектептер жүйесі жергілікті оқушылардың жан-жақты білім алып дамуына барлық жағдай жасайды және жақын болашақта жасалып жатқан жүйелі жұмыс өз нәтижесін беретініне сенетіндерін жеткізді.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку