МӘНЕРЛЕП ОҚУ БАЙҚАУЫНДА ҚОС ЖҮЛДЕ

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
30.04.2021
999
700

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептің оқушылары «Жастар жырлайды» желілік мәнерлеп оқу байқауында жүлделі орындарға ие болды. Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен өткен шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Замандастар жырлайды» жобасы аясында өткізілді.

Жалпы сайыс екі бағыттан тұрды. 1-кезең бойынша оқушылар өз өңірлерінің жергілікті ақынымен кездесіп, сұхбаттасып, егемендік тақырыбында бір өлеңін оқып берді. Ал, екінші кезең бойынша таңдап алған ақынның шығармаларына арнап иллюстрация жасап, мазмұнын сурет арқылы бейнеледі. Жоба арқасында қатысушы Айана Айжарық жас ақын Марал Хантөреқызынан сұхбат алып, өлеңін оқыды.

Желілік додада өзгеден озып, алға шыққан Тараз NIS оқушылары Дариға Үсен 2-орын, Айана Айжарық 3-орынмен марапатталды.

Аталмыш сайысқа дайындаған жетекшісі және «Замандастар жырлары» жобасының координаторы – Ұлбосын Рахметова Махсетовна.

Тараздағы NIS-тің 14 оқушысы республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары атанды.

I-орын; «Биология» пәні бойынша Пернебек Аделя,Бейсембек Дания. Жетекшісі: Койшыгараева А.Т. «Ағылшын тілі» бойынша Келесова Мерей. Жетекшісі: Сейдуалиева З.Ш. «Орыс тілі» пәнінен Студенцов Никита. Жетекшісі: Белозерова О.И. II-орын; «Информатика» пәні бойынша Жансейт Арсен, Мейрамбек Нұрасыл. Жетекшісі: Колоханов Н.Е. «Орыс тілі» пәнінен Түкен Бибінұр, Куат Аруана. Жетекшілері: Станишевская Г.А. және Танибекова Р.Ж. «География» пәнінен Рахымжан Ерасыл. Жетекшісі: […]

NIS оқушысы Катардағы үздік университетте оқиды!

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 – сынып оқушысы Нұрай Едіге Катардағы Northwestern университетінде толық оқу және тұру шығындары төленетін 100% грант иегері атанды. Бұл мектебіміз үшін айтарлықтай жағдай, бірінші рет мектебіміздің тарихында біздің оқушымыз Катар мемлекетінен білім алатын болады. Northwestern Университеті әлемдік рейтингінде #24-ші орында, Америка құрама штаттарындағы #9 Ұлттық Университет. Northwestern Qatar университетінен […]

Ш.Смағұлов VII Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі аяқталды.

NIS базасында олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Аталған олимпиада еліміздің 21 аймағында және көршілес Қырғызстан мемлекетінің ірі қалаларында 6-7 сынып оқушылары арасында өткізіліп келеді. Бұл олимпиада жобасы 2016-2017 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің негізінде математиканың үздік дәстүрлерінің лайықты жалғасы ретінде құрылған. Олимпиадаға өз бақтарын сынауға Жамбыл облысынан орта мектеп оқушыларымен қатар, БИЛ, Дарын, СШОД оқу […]

«TURAQTY JOL» республикалық экологиялық идеялар мен жобалар фестивалінен миллиондар ұтқан жобалар!

Зияткерлер арасынан “Believe – жетілдірілген құралдарды қолдана отырып, аралардың өмір сүру сапасын бақылауға және жақсартуға арналған ақылды, инновациялық ұя”-жүйесін ойлап тапқаны үшін, Айдархан Амирхан, Бекбулат Жангерей, Даулети Адилет жүлделі ІІ-орынды иеленді, сондай-ақ жеңісті жоба үшін 4 млн. Кезекті жоба “CarboNick – парниктік газдардан жасыл сутегін өндіруге арналған озық зауыт”-ұсынған Буркитбаева Адель, Бакирова Фатима ІІІ-орын және […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку