«​Менің елім» – «Моя Родина» атты патриоттық әндер және мәнерлеп оқу байқауы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
17.02.2017
999
700

25 қаңтар 2017 жылы 7-8 сыныптар арасында «Менің елім» – «Моя Родина» атты патриоттық әндер және мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты: оқушыларға патриоттық тәрбие беру,өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу және де мәнерлеп оқу шеберлігін арттыру.
Осы байқауға мектебіміздің 7-8 сынып оқушыларынан 12 талапкер қатысты. Байқау 2 кезеңнен тұрды. І кезең – Оқушылар өздерінің өнерлерін көрермендерге патриоттық әндер айту арқылы жеткізді. ІІ кезең – Мәнерлеп оқу шеберліктерін паш етті.
Әрине оқушылардың дайындықтары бірінен-бірі асып тұрғаны бәріне көрініп тұрды. Дегенмен жарыстың аты жарыс. Осындай байқауларда ұтыста болады, ұтылыс та болады. Сонымен байқаудың қорытындысы бойынша, Бас жүлдені – 7 «С» сынып оқушысы Мырзағанова Аяна жеңіп алса, І орын 7 «Е» сынып оқушысы Ахметова Назерке иеленді. Ал ІІ орынды 8 «С» сынып оқушысы Қанатбек Аяулым иеленсе, ІІІ орынды 7 «В» сынып оқушысы Бигисаева Дамира иеленді.

Қалған қатысушыларда марапаттаусыз қалмады, яғни орын алмаған оқушыларға төмендегідей номинациялар берілді:
– «Көрермендер көзайымы» – 7 «А» сынып оқушысы Ермекбай Нұркелді;
– «Үздік образ» – 8 «G» сынып оқушысы Еламан Айдана;
– «Үздік ән» – 8 «В» сынып оқушысы Нұрманова Аружан;
– «Көркем сөз шебері» – 7 «D» сынып оқушысы Кабдулина Нұрай;
– «Актер» – 8 «D» сынып оқушысы Нұрланқызы Хадиша сынды оқушыларға берілсе, «Белсене қатысқаны үшін» дипломдарымен:
– 7 «D» сынып оқушысы – Чиналиева Аида, 8 «А» сынып оқушысы – Қалтай Аружан және де 8 «Е» сынып оқушысы – Баймұратова Аймейрим марапатталды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку