Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
18.01.2018
999
700

17 қаңтар 2018 жыл, Тараз қаласы

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың

2018 жылғы 10 қаңтардағы

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

 

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі бағыттар мен міндеттері талқыланды.

Мектеп директоры өз сөзінде Қазақстанның ұзақ мерзімді мақсаттары: «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, 100 нақты қадам – ұлт жоспары, Үшінші модернизация, Индустрияландыру бағдарламасы, Цифрлық Қазақстан, 2025 жылға дейінгі даму жоспары секілді стратегиялық маңызды құжаттарға тоқталып, аталған құжаттардан бастау алатын Жолдауда белгіленген тапсырмаларды атап өтті. Әсіресе білім беру саласындағы болатын айтулы өзгерістер, соның ішінде орта білім беруде күтілетін жаңалықтар жайында баяндады.

Шара барысында директор Жолдауға байланысты біраз мәселелерді, сұрақтарды ортаға салды. Мектеп қызметкерлері өзара талқылап, толғандырған сауалдарын қойды. Мұғалімдердің назарына ерекше іліккен мәселелердің бірі,  математика және жаратылыстану ғылымдарының сапасын арттыру, мектептерде жан басына қатысты қаржыландыру, оқушылардың жүктемесін төмендету жайындағы сұрақтар болды.

Талқылауды қорытындылай келе, мектеп директоры Талғат Бейсембекұлы алдымызда ауқымды міндеттер тұрғанын және ол міндеттер бейбітшілік пен тұрақтылық, келісім мен бірліктің арқасында ғана жүзеге асатынын басып айтты. Ұстанған бағытымыз дұрыс және қоғамның әрбір мүшесі сол бағытта аянбай қызмет етуі керек деген сөзбен талқылау өз мәресіне жетті.

 

Токбергенова Меруерт

Баспасөз хатшы

Тараз қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі

 

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку