Білім мазмұнын жаңарту аясында Жамбыл облысының жалпы білім беретін мектептерінің 3, 6, 8 сынып мұғалімдеріне арналған тамыз конференциясы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
27.08.2018
999
700

2018 жылдың 27 тамызында ҚР білім беру саласы педагог қызметкерлерінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адам капиталы» Республикалық тамыз конференциясы аясында, Тараз қаласы А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жалпы білім беретін мектептің 3, 6, 8 сынып мұғалімдері  үшін жаңартылған білім мазмұны мәселесі бойынша облыстық секциялық отырыстар өтті.

Секциялық отырыстар жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық ғылымдар мен дене шынықтыру мұғалімдері үшін екі бағытта жүргізілді. Шараға 3, 6, 8 сынып мұғалімдері, мектеп директорлары мен әдіскерлерін қамтыған облыстың  1155 педагог қызметкерлері қатысты.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен  А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының мұғалімдері пәндер бойынша «Жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламалары және критериалды бағалау ерекшеліктері» атты шеберлік-сыныптарын өткізді. Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы жаттықтырушылары тиімді сабақ басқаруға арналған тайм-менеджмент, мұғалім тәжірибесіндегі рефлексивті хат, оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін сапалық және сандық зерттеу деректерін қолдану бойынша семинар-практикумдар сериясын ұйымдастырды. Сонымен қатар, Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері ағылшын тілінде сабақ беретін әріптестерін CLIL технологиясын қолданудың жолдарымен таныстырды. Мектеп үйлестірушілері үшін ұйымдастырылған диалог алаңында критериалды бағалау жүйесі бойынша тәжірибе алмасу өтті.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку