“Ауылдан базарлық” жобасы тәрбиеленушілердің танымын жан-жақты кеңейтуге бағытталған. Жоба аясында ата-аналар ұлттық тағамдардың жасалу жолын көрсететін шеберлік сыныптарын өткізеді.
Жатақханада ұйымдастырылатын шаралардың басы-қасында әрдайым табылуға дайын ата-ана ауылдан базарлық ретінде ала келген бауырсақ, сүзбе, талқан, тарыдан майсөк, жент, құртты тәрбиеленушілер мен бірге әзірлейді.
Ата-аналардың батагөй ізгі-тілектерін айтып, ашық әңгімелесуі арқылы
жасалған белсенді байланыстан “ата-ана – тәрбиеленуші – тәрбиеші” үштігінің іргесі ешқашан сөгілмесі, қайта жанданып беки түсетіні анық.
“Ауылдан базарлық” жобасын үйлестіруші-координатор, тәрбиеші Уайдилдаева К.Т.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.