Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
10.10.2017
999
700

Ағымдағы жылдың 9 қазанында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (бұдан әрі- Тараз қ. НЗМ) Қамқоршылық кеңесінің төртінші отырысы өтті (бұдан әрі – ҚК), оның құрамында:

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Манжуов Е. Н. – ҚК төрағасы;

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Тұрмаханбетова Р. С.;

Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Құрманбекова С. С.;

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Қожамжарова Д. П.;

“Қазфосфат” ЖШС бас директоры Ескендіров М. З.;

“Мейірім” медициналық орталығының директоры Нұрымова Г. А.;

Тараз қ. НЗМ директоры Байназаров Т. Б. – ҚК төрағасының орынбасары;

Тараз қ. НЗМ директорының оқу ісі бойынша орынбасары Тұрмаханбетова Н.М.;

Тараз қ. НЗМ ата-аналар комитетінің төрағасы Апсаматова Г. А.

Отырыс барысында Тараз қ. НЗМ директоры Байназаров Т. Б.  2016-2017 оқу жылы нәтижелерімен және аттестаттау жүйесі кезеңдері туралы әңгімеледі.

“Қоғамға қызмет ету” бағдарламасы аясындағы  “Шын жүректен” әлеуметтік жоба жұмысымен директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары А. К.Жолдасбекова бөлісті.

Отырыс соңында мектеп өміріне қатысты түрлі мәселелер талқыланды.

IMG_7777 IMG_7819 IMG_7792 IMG_7790 IMG_7781 IMG_7760 IMG_7741 IMG_7761

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку