«2017 жылдың үздік мұғалімі» байқауы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
03.10.2017
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2017 жылдың үздік мұғалімін анықтау мақсатында байқау жүргізді. Аталған байқау 2017 жылдың 27 қыркүйек күні ұйымдастырылды. Оған әр әдістемелік бірлестік атынан 1 мұғалімнен, жалпы саны 12 мұғалім қатысты. Байқау 2 кезеңнен, 6 тапсырмадан құрылды. Тапсырмаларға сай мұғалімдер:

  1. «Оқушымен сұхбат» немесе «Ата-анамен сұхбат» тақырыбында 5 минуттық бейнетаспа түсірді;
  2. «Ғаламшарлар шеруі» атты ашық сабақтар жүргізді;
  3. «Менің педагогикалық кредом» жеке көрмелерін ұйымдастырды (портфолио, әдістемелік жұмыстары, публикациялар, буклеттер және т.б.);
  4. «Мен-тұлғамын, мен-мұғаліммін» тақырыбында өздерін таныстырды;
  5. «Шешендік өнер» тапсырмасы бойынша түрлі тақырыпта өнер көрсетті;
  6. «Педагогикалық жағдаяттар» берілген түрлі тапсырмаларды шешті.

Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен сертификаттар табысталды. Әділқазылар шешімінің нәтижесіне сай, химия пәнінің мұғалімі Котов Станислав бас жүлде иегері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жылымбетова Қалнұр 1 орын, тарих пәнінің мұғалімі Аманбеков Нұрбол 2 орын және физика пәнінің мұғалімі Джусамбаев Мирлан 3 орын иегерлері атанды. Бас жүлде иегері Котов Станислав Астана қаласында өтетін Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы мұғалімдер байқауына жолдама алды.

IMG_4871 IMG_4921 IMG_4930 IMG_4870

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку