1 қыркүйек – Білім күні

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
01.09.2018
999
700

1 қыркүйек күні Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2018-2019 оқу жылының басталуына арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» тақырыбына арналды.

Білім күніне орай Тараз қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Кохаева Есенкүл Нокрабекқызы оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Мектеп директоры Байназаров Талғат Бейсембекұлы өз сөзінде соңғы жылдардағы мектептің жетістіктеріне тоқталып, алдағы оқу жылына да маңызды міндеттер қойылғанын атап өтті.

Бағдарламаның салтанатты бөлігінде алғашқы қоңырауды соғу құқығы байқау тестінен ең жоғарғы ұпайға ие болған 7 сынып оқушысы Ұлан Алияға және мектептің өзін-өзі басқару ұйымының президенті Қасым Ермаханға берілді.

– Мен сынаққа өте мұқият дайындалдым. Мақсатыма қол жеткізгеніме өте қуаныштымын. Әрдайым маған қолдау көрсеткен ата-анама ризамын. Барлық достарымды бүгінгі мерекемен құттықтаймын және оларға жаңа оқу жылында үлкен жетістік тілеймін», – дейді 7 сыныпқа жаңадан келген Ұлан Алия.

Мерекелік іс-шараның соңында оқушылар «Мен өз елімнің патриотымын!» атты дәстүрлі патриоттық форумға қатысып, нақты өмір жағдайында әлеуметтік тәжірибе алуға бағытталған жобалар мен тәжірибелерінің нәтижесін талқылады. 7 сынып оқушыларының ата-аналары үшін мектеп бойынша экскурсиялар, ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылды, сонымен қатар ата-аналар критериалдық бағалау жүйесі бойынша тренингтерге қатысты.

Тараз қаласы Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 1 қыркүйегінде бірінші рет оқушыларға өз есігін ашты. 5 жыл ішінде мектептен 400 түлек түлеп ұшты. 2017-2018 оқу жылында 158 оқушының 147-сі мемлекеттік гранттарға ие болса, 44 оқушы Назарбаев Университетінің студенттері атанды. 15 оқушы алыс және жақын шет елдердің жоғарғы оқу орындарына шақырулар алды. Биылғы жылы мектеп қауымдастығы халықаралық стандарттарды дамыту мен білім саласындағы жаңа жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған Халықаралық мектептер кеңесі (CIS – Council of international schools) халықаралық аккредитациясынан өту мақсатында қызу дайындық жүргізуде.

 

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку